«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау

Жел 30, 2020Uncategorized

11 тамыз күні аудан әкімдігінің үлкен залында «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары мен «Жомарт жан» төсбелгісінің иегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Жітіқара ауданында өтті.

Қала құраушы кәсіпорындар, кәсіпкерлер және біздің ауданымыздың жанашыр тұрғындары қаланы, ауданды абаттандыруды жақсартуға, халыққа әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды үнемі жүзеге асырып отыратыны ешкімге құпия емес.

2017 жылдан бері барлығы 14 адам «Жомарт жүрек» сыйлығының иегері атанды. «Жомарт жан» төсбелгісіне 4 лауреат ие болды. Бұл тек жергілікті ірі кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар ауданның жеке кәсіпкерлері және бей жай қарамайтын жітіқаралықтар.

Биылғы жылы аудан әкімі А.Ибраевтың айтуынша, кандидатураларды іріктеу кезінде коронавирустық инфекцияның алдын алуға және оған қарсы күреске қосқан үлесі ескерілді.

Жітіқара ауданында ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырғаны үшін «Kusto Group» халықаралық компаниясына «Жжыл меценаты»номинациясы берілді. Марапатты аудан басшысының қолынан компания өкілі, «Костанайские минералы» АҚ ардагері Сергей Афанасьевич Алейников алды.