«Қостанай минералдары» АҚ бірінші халықаралық «ECOJER» конгресінде қола демеушісі ретінде қатысады – «Тұрақты болашақ қалыптастыр!»

Мам 20, 2021Uncategorized

Дүниежүзілік қоршаған орта күні қарсаңында экология белсенділері мен сарапшылары, мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтардың және халықаралық ұйымдардың басшылары Елордада бір алаңға жиналады.

Бұл өзекті сұрақтар мен елеулі экологиялық мәселелерді шешудің бірегей мүмкіндігі.

Бағдарламада:

•        Экологиялық заңнаманың жаңа архитектурасы (DEEP DIVE);

•        Пікірталас: Өрттеу қажет пе, өңдеу қажет пе;

•        Экологиядағы әйелдер және тұрақты бастамалар;

•        Қазақстанның энергетика саласының тұрақтылық жолындағы трансформациясы;

•        Өнеркәсіпті экологияландыру.

3 маусым 2021 жыл. Нұр-Сұлтан қ.

Қатысу үшін www.ecocongress.kz сайтында тіркеуден өтіңіз.