«Костанайские минералы» АҚ еңбекті қорғауды басқару жүйесі»

Дек 30, 2020Uncategorized

«Костанайские минералы» АҚ -дағы еңбекті қорғауды басқару жүйесі-өндірісті басқарудың ажырамас бөлігі және ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді айқындайды.

ЕҚБЖ жұмысшыдан бастап Басқарма төрағасына дейінгі барлық қызметкерлерді профилактикалық жұмыспен қамтуды көздейді және мыналарға бағытталған:

— еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және реттеу;

— еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды жоспарлау;

— еңбекті қорғау жағдайын бақылау;

— еңбек, өндірістік және технологиялық тәртіпті басқару;

— кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайы үшін жеке жауапкершілігін арттыру.


ЕҚБЖ өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша ұйымдастыру іс-шараларының кешенін қамтиды, сондай-ақ «Костанайские минералы» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша профилактикалық жұмыстың көп жылдық тәжірибесін жинақтайды және жүйелейді.#костанайскиеминералы # хризотил және өндіріс # қауіпсіздік #еңбектіқорғау