main-banner bg
Басты бет /

Компания туралы

Компания туралы
«Қостанай минералдары» АҚ — хризотил-асбест өндіруге және хризотил талшығын шығаруға маманданған тау-кен компаниясы.
close icon
Кәсіпорынның стратегиясы
«Қостанай минералдары» АҚ-ның 2027 жылға дейінгі стратегиялық миссиясы

Біздің миссиямыз:
Саланың көшбасшысы болып, тұрақты өсімді және өндірістің тиімділігін қамтамасыз ету. Біз 2027 жылға қарай «Қостанай минералдары» АҚ-ның хризотил өндірісіндегі сапа мен сенімділіктің символына айналуына ұмтыламыз.

 

2027 жылдың соңына дейін:
300 мың тонна көлемінде хризотил өндіруді қамтамасыз етеді.

2015
152

мың тонна

2016
170

мыс тонна

+11,51%
2017
193

мың тонна

+13,41%
2018
202

мың тонна

+5,14%
2019
210

мың тонна

+3,95%
2020
227

мың тонна

+7,85%
2021
250

мың тонна

+10%
2022
250

мың тонна

+0,06%
2023
255

мың тонна

+2%
2024
225

мың тонна

-11,55%
2027
300

мың тонна

+32,86%
Сапа мақсаттары
Шығындар бойынша көшбасшылық

Біз өндірістік үдерістерді оңтайландырып, шығындарды азайтуға ұмтыламыз, өніміміздің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін.

Тұрақты табыс

Біз инновацияға, тиімділікке және ресурстарға жауапкершілікпен қарауға негізделген компанияны ұзақ мерзімді дамытуға бағытталғанбыз.

Сандық мақсаттары:
Хризотил өндірісінің көлемі:
300

мың тонна

2027 жылға қарай
Өзіндік құнды бақылау:
+2%

жылына

максимум
Жоғары сапалы хризотил:
+20%

3–4 топтардың үлесін

арттыру
Еңбек өнімділігі:
+30%

2024 жылға

қарай
Диверсификация:
≥30%

айналымы

Рентабельдік:
≥10%

кемінде

Компанияның тарихы
line icon 1858

Жетіқара ауданының геологиясы туралы алғашқы мәліметтер 1858 жылғы Оңтүстік Оралды зерттеген Меглицкий мен Антиповтың еңбектерінде кездеседі. Бұл еңбектерде Шортанды өзенінің қималарында серпентиниттер кездесетіні айтылған, ал серпентиниттер, әдетте, хризотил-асбест кен орындарымен байланысты болады.

line icon 1915

1915 жылы геолог Вознесенский В.А. Шортанды өзенінің оң жағалауындағы серпентиниттерде көптеген асбест желілерінің бар екенін атап өтті.

line icon 1916

Ал 1916 жылы пайдалы қазбалар кен орындарының картасында Жетіқараның орнында асбест кен орны белгіленді.

line icon 1934

Кен орнына қызығушылық 1934 жылы қайта жанданды. Сол жылы Тарасов К.Е. басқаратын «Союзасбест» трестінің геологиялық тобы Жітіқара гипербазиттерінің асбестке байлығын зерттеу бойынша арнайы жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде кеннің асбестке бай қанықтылығы анықталды.

line icon 1951

Тек 1951 жылы ғана геолог Н.С. Черемных басқаратын Жітіқара геологиялық барлау тобы кен орнын егжей-тегжейлі зерттеуді бастады. Осы жұмыстардың нәтижесінде кен орны КСРО-дағы ең ірі кен орындарының қатарына кірді.

line icon 1958

1958 жылғы 21 маусымда КСРО Министрлер Кеңесінің №764 қаулысы «Асбест өндіру мен өндірісін одан әрі дамыту туралы» қабылданып, Жітіқара хризотил-асбест кен орнын игерудің бастамасы болды.

line icon 1959

1959 жылы карьердің құрылысы басталды. 1960 жылғы 10 мамырда №1 фабриканың құрылысы басталды.

line icon 1964

1964 жылғы 5 қазанда алғашқы тонна кен өндірілді.

line icon 1965

1965 жылғы ақпанда алғашқы бірнеше жүз килограмм тауарлық асбест өндірілді. 1965 жылғы 22 ақпанда алғашқы тонна сұрыпталған асбест жөнелтілді.

line icon 1975

1975 жылы жобалық қуат деңгейіне – 603 мың тонна сорттық асбестке қол жеткізілді.

line icon 1975-1981

«Қостанайасбест» комбинаты ең жоғары өнім өндіру көлеміне 1975–1981 жылдары жетіп, жыл сайын 600 мың тоннадан астам сорттық асбест өндірді.

line icon 1976

1976 жылы қуаты 403,8 мың тонна болатын асбесттің сорттық екінші кезегі пайдалануға берілді.

line icon 1980

1980 жылдың қараша айында 100 млн тонна кен өндірілді.

line icon 1990-2010

90-жылдардың соңында, «Қостанайасбест» күйреудің аз-ақ алдында тұрғанда, тізгінді Еркен Тәтишев бастаған жас менеджерлер тобы ұстады. Осы кезеңде кейіннен «Қостанай минералдары» АҚ болып қайта аталған комбинаттың дамуындағы жаңа кезең басталды. Содан бері, жиырма жылға жуық уақыт бойы кәсіпорын барлық қиындықтарға қарамастан өркендеп, болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді.

line icon 2010

Осы уақытта «ҚМ»-ның басшылығында Қанат Қуатжанұлы Жүсіпов болды. Ол кәсіпорынның дамуына қуатты серпін бере алды. «ҚМ» АҚ-на 2010 жылға дейін жетекшілік етті. Сол жылдары комбинат қала абаттандыруына, оның әлеуметтік саласына зор көңіл бөлді. Бұл үрдіс әлі де жалғасуда.

line icon 2012-2025

2010 жылы басқарма тізгіні Самат Сағынбайұлы Акишевке берілді. Қазіргі уақытта ол «ҚМ» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады, ал кәсіпорынды басқару – жаңа буынның жас, білімді, оң мағынада өршіл менеджері Ербол Сапарбайұлы Нұрхожаевтың қолында. Ол 2012 жылдың қараша айында «ҚМ» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалып, бүгінгі күнге дейін осы қызметті атқарып келеді.

Кәсіпорын стандарттары
Корпоративтік басқару
modal more icon Нурхожаев Ербол Сапарбайұлы

Басқарма төрағасы

Толығырақ оқу
modal more icon Смағұлов Айбол Рахимғалиевич

Техникалық директор

Толығырақ оқу
modal more icon Ауешов Чингиз Абдразахович

Коммерческий директор

Толығырақ оқу
modal more icon Орумбаев Исламбек Нуртаевич

Қаржы директоры

Толығырақ оқу
modal close icon
Нурхожаев Ербол Сапарбайұлы

Басқарма төрағасы

Туған жылы: 1973
Білімі:

Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі, мамандығы – Менеджер

2008 жылғы наурызда Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын (Мәскеу қ.) аяқтады.

Онда «MBA: Менеджмент – Халықаралық бизнес» білім беру бағдарламасын меңгерді.

Бағдарлама MBA қауымдастығы (AMBA, Ұлыбритания) тарапынан аккредиттелген.

Оқу нәтижесі бойынша іскерлік басқару магистрі (MBA) біліктілігі берілді.

Кәсіби тәжірибесі – «Қостанай минералдары» АҚ:

2002 — Коммерциялық директордың жабдықтау жөніндегі орынбасары қызметінен мансап жолын бастады
2006 — Басқарма төрағасының орынбасары – коммерциялық директор болып тағайындалды
2012 жылғы қаңтар — Атқарушы директор лауазымына тағайындалды
2012 жылғы 26 қарашадан бастап — Басқарма төрағасы

world icon

жеке сайтқа сілтеме

Смағұлов Айбол Рахимғалиевич

Техникалық директор

Туған жылы: 1976
Білімі:
  1. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты (1986–1992)
    Біліктілігі: Тау-кен инженері
  2. Қазақстан Мемлекеттік Басқару Академиясы жанындағы Нарық институты (1994–1996)
    Мамандығы: Қаржы және несие, біліктілігі: Экономист
  3. Халықаралық Бизнес Академиясы (2012)
    Mini-MBA бағдарламасы бойынша оқу: Корпоративтік менеджмент
  4. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Business School (2013)
    Қашықтықтан оқу бағдарламасы: Персонал директоры
Кәсіби тәжірибе:

1992 — «КазГИНалмаззолото» Қазақ мемлекеттік консорциумында жобалаушы инженер

Коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді, соның ішінде:

  • ҚР Ұлттық Банкінің Мемлекеттік бағалы қорында (коммерциялық бөлім)
  • «Банк Туран Алем» ААҚ-та (қымбат металдар операциялары бөлімі)

Отандық тау-кен өндіру кәсіпорындарында басшылық лауазымдарды атқарды

«Қостанай минералдары» АҚ-да:

2009 жылғы наурыз — Атқарушы директордың орынбасары – Корпоративтік басқару департаментінің директоры

2011 жылғы ақпан — Басқарушы директор

2014 жылғы қаңтар — Техникалық директордың бірінші орынбасары

2014 жылғы 1 қарашадан бастап — Техникалық директорa

Ауешов Чингиз Абдразахович

Коммерческий директор

Родился 5 июня 1988 года в г. Шымкент, Южно-Казахстанская область
Образование
  • Казахский гуманитарно-юридический университет (2009)
    Степень: Бакалавр международного права.
  • Высшая школа финансового директора (г. Москва) (2018)
    Дополнительная профессиональная программа: «Финансовый директор».
Профессиональный опыт
  • 2010 — специалист отдела розничного кредитования в АО «БТА-Банк».
  • Затем — финансовый аналитик в ТОО «Бас-Кудук», с 2015 года — директор этого же ТОО.
  • С 1 марта 2019 года — коммерческий директор АО «Костанайские минералы».
Орумбаев Исламбек Нуртаевич

Қаржы директоры

Туған жылы: 1990
Білімі

Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (KIMEP)
Біліктілігі: Бизнес әкімшілігі бакалавры

Кәсіби тәжірибе:

2011 — «Оренбургские минералы» АҚ-та инвестициялық жобалар бойынша аналитик
2012–2013 — «Коттеджи Подмосковья» компаниясында қаржы менеджері
2013 жылғы сәуір – қараша — PricewaterhouseCoopers халықаралық консалтинг компаниясында бизнес бағалау бөлімінің кеңесшісі
2013 жылғы қараша – 2019 жылғы шілде — Түркия, Стамбул қаласындағы «KGM Energi» компаниясында қаржы директоры
2019 жылғы қыркүйек – 2020 жылғы наурыз — «Қостанай минералдары» АҚ-ның қаржы директорының орынбасары
2020 жылғы 1 сәуірден бастап — «Қостанай минералдары» АҚ-ның қаржы директоры

dev-bg1 icon
dev-bg2 icon
preloader logo