Қоршаған ортаны қорғау

Қоршаған ортаны қорғау

Қоршаған ортаны қорғау

«Біз қазіргі және болашақ ұрпақ үшін өмір, денсаулық және қоршаған орта сапасын қамтамасыз етеміз. Табиғи ортаны сақтау үшін жауапкершілік «Костанайские минералы»  қызметінің негіз қалаушы қағидаттарының бірі болып табылады.

 

Біз қатысатын өңірдің тұрақты дамуына өз үлесімізді табиғат қорғау заңнамасы талаптарының сақталуын, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметті тұрақты жетілдіруді қамтамасыз етеміз. Компания жыл сайын табиғатты қорғау шараларына қаражат инвестициялайды. 2012 жылы біз баламалы энергия көздерін қолдану мүмкіндіктеріне бағалау жүргіздік, 2013 жылдан бастап күн және жел энергиясын пайдалану бойынша пилоттық жобаларды іске асырудамыз. ISO стандарттарына сәйкес кәсіпорынның экологиялық менеджмент жүйесі жасалды.

 

Көптеген жылдар бойы қоршаған ортаға теріс әсерді азайту мақсатында өндіріс қалдықтарымен жұмыс істеу жөніндегі іс-шараларды, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізуге, жабдықтарды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлініп келеді.

 

Технологиялық процестерді жетілдіруге және қоршаған ортаға және оның табиғи ресурстарына әсерді азайтуға бағытталған кәсіпорынның экологиялық саясаты кәсіпорын орналасқан аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Экологиялық кодекске сәйкес әрбір адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар. Сондықтан, өңірдің экологиялық ахуалын жақсарта отырып, кәсіпорын өз қызметкерлерінің, қала және оған іргелес аудандар тұрғындарының денсаулығына қамқорлық жасайды.

Мақсат – қоршаған ортаға ауыртпалықты азайту

Соңғы жаңалықтар

«Қостанай минералдары» АҚ-ның жарты ғасырлық жетістік тарихы

55 жылдан бері әлемдегі ең ірі хризотил өндірушілерінің бірі «Қостанай минералдары» АҚ табысты жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында компания тау-кен өнеркәсібіндегі ірі әлемдік көшбасшыға айналды.

Өнеркәсіптік аймақтың 3D нұсқасы ...

«KAEM» қызметкерлері өз күштерімен заманауи BIM технологияларын қолдана отырып, Кәсіпорынның өндірістік алаңындағы барлық ғимараттар мен құрылыстардың ақпараттық 3D моделін жасады.

Американдық ғалымдар: хризотил асбест планетаны ғаламдық жылынудан сақтайды

Жаһандық жылыну – қазіргі заманның ең маңызды күн тәртібінің бөлігі. БҰҰ СО2 шығарындыларын жаппай азайтуға, жасыл технологиялар мен баламалы энергия көздеріне көшуге шақырады.