Қазақстандық хризотилдің экспорты қарқынды өсуде

Ақп 16, 2021Новости КМ

2020 жылы хризотилді тұтыну көлемінің және соның салдарынан оны жөнелту көлемінің артуының оң үрдісі жалғасты.

3-6 топтағы хризотил өндірісі 2020 жылы 227,3 мың тоннаны құрады, 221,0 мың тонна хризотил тиелді. Өткен, 2019 жылы 210,7 мың тонна өндірілді және 221,0 мың тонна тиелді. Бір сөзбен айтқанда, 2020 жылдың оң нәтижелері бүгінде «Қостанай минералдары»АҚ таңдап алған Даму стратегиясының дұрыстығын растайды.

«Қостанай минералдары» – экспортқа бағдарланған кәсіпорын. 2020 жылы экспорт көлемі 94,7% – ды құрады. Өнімнің негізгі экспорты алыс шет елдерге – Қытай, Үндістан және Шри-Ланкаға тиесілі. ТМД елдерінде негізгі ірі тұтынушылар Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Украина, Түрікменстан болып табылады. Сондай-ақ хризотил Қазақстанның ішкі нарығында да сатылады.

2021 жылы тұтынушыларға 230 мың тонна хризотилді өндіру және сату, оның ішінде жалпы сату көлемінің 97,0% – ын экспортқа жіберу жоспарланған. Тұтыну нарығындағы өзгерістер хризотил тұтынушыларының бірқатар елдерінде оң динамиканы көрсетеді.

Қазақстан Республикасы бүгінгі күні ҚР Премьер-Министрінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 20-5/81 кеңесі барысында қабылданған шешімге сәйкес хризотилді бақыланатын пайдалану бойынша ресми бекітілген саясатқа ие.

Бұдан басқа, 2011 жылғы қаңтарда Қазақстан хризотил өнеркәсібінде жұмыс істейтіндердің денсаулығын қорғауға кепілдік беруге мүмкіндік беретін «асбесті пайдалану кезінде еңбекті қорғау туралы» ХЕҰ-ның 1986 жылғы № 162 Конвенциясын ратификациялады.

«Қостанай минералдары» АҚ – Қазақстан Республикасындағы хризотилді жалғыз өндіруші, қазіргі уақытта кәсіпорын ЕАЭО – ға мүше елдердің аумағында хризотилді өндіретін үш комбинаттың бірі болып табылады.